әдістемелік жұмыс » №12 орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"№12 орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » » әдістемелік жұмыс
25
февраль
2020

әдістемелік жұмыс

2019-2020 оқу жылындағы қоғамдық-гуманитарлық
әдістемелік бірлестігінің бірінші жартыжылдық жұмысының
қорытындысы
2019-2020 оқу жылында қоғамдық-гуманитарлық әдістемелік бірлестігінде 8 мұғалім. Барлығы жоғары білімді.
Әдіс-бірлестіктің жылдық жоспары бойынша жұмыстар жүргізіліп, баяндамалар оқылып,есептер беріліп отырды. Сабақ барысында озық педагогикалық технолгиялардың элементтерін пайдаланып отырды.
Әдістемелік бірлестігінің бірінші отырысында келесі сұрақтар қаралды.
1.Құқықтық нормативтік құжаттар, 2019-2020 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен танысу.
2. Мүғалімдердің күнтізбелік жоспарын бекітуге әдістемелік көмек көрсету, бекітуге ұсыну, электронды жұрнал.
3. Дарынды, үлгерімі төмен, ОЖСБ, кабинет меңгерушілеренің төл құжаты, жұмыс жоспарларын бекітуге ұсыну.
4. Пән апталығының он күндік жоспарын құру, бекіту.
Бірінші мәселе бойынша қоғамдық-гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің әдіс бірлестігінің жетекшісі Г.Нусипбекова әдістемелік бірлестігінің 2018-2019 оқу жылында атқарылған жұмыстарының қорытындысына тоқталды.
2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдарында ғылыми негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы ,әдістемелік нұсқау хатпен таныстырып өтті. 2019-2020 оқу жылына арналған әдіс бірлестік жоспарымен таныстырды.
Екінші мәселе бойынша 2019-2020 оқу жылына арналған күнтізбелік жоспарды тексеріп бекітуін айтып өтті. Электронды сынып журналы мектептің әрбір мұғалімі үшін жүргізуге міндетті мемлекеттік құжат болып табылады нұсқаумен таныса отырып толтырулары тиіс. Сондай ақ ата-аналарға Kundelik.kz сайтында өзінің логині мен құпия сөзі арқылы «Балалар» - «Күнделік» бөліміндегі өз баласының электронды күнделігіне кіріп, бағалары мен houseтапсырмаларын білуге үнемі тегін мүмкіндік беріледі. Әр ата-ана оған өз қалауымен қосылуға құқылы, ол ата-анаға нақты пән бойынша өз баласының үлгерім деңгейін көруге мүмкіндік беретіндігі жайлы айтып өтті.
Үшінші мәселе бойынша дарынды, үлгерімі төмен оқушылардың тізімдерін әр пән мұғалім тізімдеп өткізіп, жұмыс жоспарын бекітуін сондай-ақ ОЖСБ, кабинет меңгерушілеренің төл құжаты, жұмыс жоспарларын бекітуге ұсыну. Кабинет көрнекіліктері жабдықталып ,толықтырылып бір жүйеге келтіру керектігі туралы айтып өтті.
Төртінші мәселе бойынша қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығының он күндік жоспарын құру, бекіту ұсынылды.
Қыркүйек айында Тіл мерекесіне орай «Үш тұғырлы тіл» атты іс-шараның ашылуы барысында қоғамдық-гуманитарлық пән мұғалімдері келесі жұмыстар жүргізді.
7-8 сынып оқушыларымен Шарипова Г.А. , Шаекенова А.Н. «Ұлы ойшылдар тіл туралы», «І. Жансүгіровтың туғанына 125 жыл», 9-11 сыныптар арасында Абайдың -175 жылдық мерей тойына орай «Абай ұлы кеменгер» тәрбие іс- шаралары өткізілсе , 5-7 сыныптардан «Сауатты жаза білу – өркениет өнегесі» тақырыпта латын тілінде диктант алынды, 5-11 –сыныптар арасында «Жас қаламгер» , 5,6,7 сыпытарда «Best аудармашы», «Халық ауыз әдебиеті әлеміне саяхат» байқауларын ағылшын пәнінің мұғалімі Машанова С.Е. өткізді. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Құлдыбаева Ш.К. апталығын өткізді.
Қоғамдық-гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің келесі отырысында тарих пәнінің мұғалімі «Қалыптастырушы бағалаудың қолданудың жолдары» атты шебер-сынып өткізіп, презитанциямен таныстырды және ағылшын пәнінен жазба жұмыстарының орындалуына тоқталды. Сонымен қатар әдістемелік бірлестік мұғалімдері мектепшілік олимпиада тапсырмаларын құрастыру жұмыстарына тоқталып жеке өз есептерін берді.
Қазан айында «Шағын жинақты мектеп: тиімді басқару және сапалы білім беру»атты облыстық ШЖМ басшыларына арналған семинар өткізіліп қоғамдық-гуманитарлық
әдістемелік бірлестігінің тарих мұғалімі Нусипбекова Г.Е. келген қонақтармен «Шілікті және Бесшатыр патша қорғандары» атты ықшам –сабақ өткізіп,келген қонақтармен тәжірибесімен бөлісті.
Қараша айының 14 күні Капшағай қаласында «Балдаурен» сауықтыру кешенінде «Заманауи білім берудің әдістемесі және мазмұны» атты мектеп директорының әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған облыстық семинарда тарих пәнінің мұғалімі Нусипбекова Г.Е. келесі тәжірибесімен алмасып , алғыс хатпен марапатталды.
Сонымен қатар мектепшілік олимпиада қарсанында бірлестік пән мұғалімдері олимпиада жұмыстарын дайындап, өткізді . Оқушылар жұмыстары тексеріліп , сараптама жасалынды . Мектепшілік олимпиада барысында бірінші орынды иеленген оқушылар аудандық олимпиадаға жолдама алды. Бірлестік пән мұғалімдері келесі оқушыларға сұраныс толтырды: қазақ тілі мен әдебиеттен 9а –сынып оқушысы Нұрмұхан Жадыра, 10а-сынып оқушысы Байбақыт Жамал пән мұғалімі Шарипова Г.А. 11-сынып оқушысы Мэлс Анель пән мұғалімі Құлдыбаева Ш.К. ,8- сынып оқушысы Оралбек Мағжан пән мұғалімі Аманбаева Э.К.
Орыс тілі пәнінен 8- сынып оқушысы Бекжан Гаухар, 10а-сынып оқушысы Бекжан Нұрай пән мұғалімі Бекова М.Б. ,9а –сынып оқушысы Терлікбай Ануар пән мұғалімі Торопова И.В.
Қазақстан тарихы пәнінен 8-сынып оқушысы Сейткамал Шыңғыс пән мұғалімі Шаекенова А.Н., 9а- сынып оқушысы Сматай Бекболат, 11-сынып оқушысы Қадылбек Перизат пән мұғалімі Нусипбекова Г.Е.
Құқық негіздері пәнінен 9а-сынып оқушысы Тұрарбек Айым пән мұғалімі Нусипбекова Г.Е., 10а-сынып оқушысы Туменов Мирас пән мұғалімі Шаекенова А.Н.
Осы аталған оқушылардан аудандық олимпиадан бірінші кезеңнен екінші кезеңге келесі оқушылар өтті: қазақ тілі пәнінен Мэлс Анел пән мұғалімі Құлдыбаева Ш.К., орыс тілі пәнінен Бекжан Нұрай пән мұғалімі бекова М.Б., Қазақстан тарихы пәнінен 11- сынып оқушысы Қадылбек Перизат, 9-сынып оқушысы Сматай Бекболат пән мұғалімі Нусипбекова Г.Е., құқық негідері пәнінен Тұрарбек Айым пән мұғалімі Нусипбекова Г.Е.
Аудандық пән олимпиадасында жүлделі орынға ие болған оқушылар: Орыс тілі пәнінен 10а –сынып оқушысы Бекжан Нұрай ІІ орын пән мұғалімі Бекова М.Б., Қазақстан тарихы пәнінен 9а- сынып оқушысы Сматай Бекболат І орын ,құқық негіздері пәнінен 9а- сынып оқушысы Тұрарбек Айым ІІ орын пән мұғалімі Нусипбекова Г.Е.
Облыстық пәндер олимпидасына жолдама алған 9а-сынып оқушысы Сматай Бекболат Қазақстан тарихы пәнінен. Нәтижесінде І турдан сүрінбей өтіп, облыстық пәндер олимпиадасынан Қазақстан тарихы пәнінен І орынды иеленді.
Бірінші жарты жылдық қорытынды бойынша пән мұғалімдері пәндік есепке мониторинг жасап есептерін берді.

Похожие публикации:

25 февраль 2020 әдістемелік жұмыс
25 февраль 2020 әдістемелік жұмыс
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив