Іс шара » №12 орта мектебі
Жетісу облысы бідім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"№12 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
май
2025

Іс шара

Даңқты батырлар

Соғыс жылдарында прокурорлар да Отан қорғау жолында жан аямай шайқасты. Қаһарман прокурорлар арасында Кеңес Одағының батырлары бар. Атап айтсақ, олар – Нұркен Әбдіров, Мұса Баймұханов, Садық Әбдіжаппаров және халқымыздың мақтанышы, қолбасшы Бауыржан Момышұлы.
Бауыржан Момышұлының ерлігі мен әскери қолбасшылық қабілеті, әскери ғылымға қосқан еңбегі, жазушылық таланты туралы жұрт жақсы біледі. Аңызға айналған қолбасшының өмір жолы мен майдандағы ерлігі туралы көптеген ғылыми зерттеу, көркем шығармалар жазылып, деректі және көркем фильмдер түсірілген. Алайда Кеңес Одағының батыры 30-жылдары Жамбыл облысы Жуалы ауданының прокуроры болып қызмет еткені көпшілікке беймәлім. Оның өр мінезі, қайсарлығы, әділдігі мен өмірге деген көзқарасының қалыптасуына прокуратурадағы қызметі де ықпал етті деп ойлаймыз. Ол өзінің «Соғыс психологиясы» атты еңбегінде үлкенге құрмет, парыз бен ар-ожданды сезіну, қоғамдық тәртіп пен заңдарды мүлтіксіз сақтау – адамның бойындағы асыл қасиеттер екенін айтқан. Батырдың бұл сөздері әлі де өзекті және Мемлекет басшысы жариялаған «Заң және тәртіп» тұжырымдамасымен сабақтасып жатыр. Жеңістің 80 жылдығына орай батырдың келіні Зейнеп Ахметованың қатысуымен Жамбыл облысы прокуратурасы жанында мемориал тас қойылды, ал Жуалы ауданы прокуратурасы ғимаратына ескерткіш-тақта орнатылды.
Ал соғыстың алдында Қарағанды прокуратурасында тергеуші болған Нұркен Әбдіровтің ерлігі – бөлек әңгіме. Соғысқа аттанар алдында облыс проку­роры әскери комиссариатқа ол туралы берген мінездемеде былай деп жа­зыл­ған екен: «тәртіпті, сабырлы, саяси сауат­ты». Осы бірауыз сөзден-ақ оның қан­дай адам болғанын көреміз. Нұркен Әб­діров таңғажайып ерлік жасаған десек, артық болмас. 1942 жылдың 19 желтоқ­санында аңызға айналған ұшқыш-шабуыл­дау­шы Нұркен Әбдіров серігі атқыш-ра­дист Александр Комиссаровпен бірге отқа оранған ұшақты жау техникасы шо­ғыр­ланған жерге бағыттап, он танк, екі зенит қаруын, ондаған жау офицері мен солдатын жояды. Сол кезде небәрі 23 жаста екен.
 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив