20
апрель
2026
Іс-шара
Бүгін мектебімізде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының кезекті сабағы аясында «Отбасындағы бірлік – қоғамдағы татулықтың бастауы» тақырыбында мазмұнды әрі әсерлі кездесу өткіздік 🤍
Кездесу барысында ата-аналар түрлі қызықты ойындарға қатысып, ой қозғаған сұрақтарға жауап беріп, өмірлік жағдаяттарды бірге талқылап, шешу жолдарын ұсынды. Әсіресе «Баламды қаншалықты танимын?» тесті ерекше әсер қалдырды. Бұл сәт әр ата-анаға өз баласының ішкі әлеміне тағы бір үңіліп, ойлануға мүмкіндік берді.
Отбасындағы түсіністік, сыйластық пен мейірім – қоғамдағы татулықтың берік іргетасы екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Бала тәрбиесі – бірлескен еңбектің жемісі. Мектеп пен ата-ана тығыз байланыста болғанда ғана саналы, тәрбиелі ұрпақ өседі.
Осындай мазмұнды кездесуге белсенді қатысқан барлық ата-аналарға алғысымыз шексіз 🌿
Бірлігіміз бекем, татулығымыз тұрақты болсын!
https://www.instagram.com/reel/DU9wpAFCHSM/?igsh=cWYwdDV4eGk4Zno3