21 февраль 2020 0 1 2 3 4 5 Қауіпсіз мектеп автобусы «№ 12 орта мектебі» КММ «Қауіпсіз мектеп автобусы» атты акцияның жүргізілуі бойынша мәлімет. Алматы облысы білім басқармасының 2020 жыл «№ 12 орта мектебі» КММ «Қауіпсіз мектеп автобусы» атты акцияның жүргізілуі бойынша мәлімет. Алматы облысы білім басқармасының 2020 жылғы 15 қаңтардағы №42-42/81 хатына, Көксу ауданының 2020 жылғы 16 қаңтар 19-б н/қ бұйрығына, мектепішілік 2020 жылдың 16 қаңтардағы №11 бұйрығына сәйкес мектепте тасымалдауды ұйымдастыру кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары құрылып, «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы ұйымдастырылыды. Акция барысында комиссия құрамы құрылды. Акция «Қауіпсіз мектеп автобусы үшін» ұранымен жүргізілді. Акцияның мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарда тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобусымен тасымалдануды жүзеге асыру кезінде жол көлік оқиғаларының алдын алу. 17- қаңтар күні 1-6 сынып оқушыларымен жолда жүру қауіпсізідігін сақтау мақсатында «Қауіпсіздік кемпірқосағы» атты сурет көрмесі өткізілді. Сурет көрмесінде оқушылар жол ережелері белгілері, қауіпсіздік ережелері туралы мәліметтер ала отырып, түрлі- түсті бояулар арқылы суреттер салды. 20- қаңтар күні 1,2,3 сынып оқушыларымен сынып жетекшілер жолда жүру ережелері бойынша «Жарқын бол!» атты тақырыпта сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағаттарында жолда жүру ережесіне сәйкес ақпараттар беріліп, қауіпсіздік ережелері айтылды. 22 - қаңтарда «Абайлаңдар балалар!» тақырыбында жолда жүру ережесі бойынша 5-11 сынып оқушылары арасында плакаттар байқауы өткізіп, жеңімпаздар анықталды. Жолда жүру ережелеріне сәйкес көркемделген және мағыналық ерекшелігімен ой салған жұмыстар аталып, басжүлдені 8 сынып, І орынды 9 сынып, ІІ орынды 6 сынып, ІІІ орынды 10 сыныптар иеленді. 24- қаңтарда сынып жетекші Торопова И.В «Правила безопасности дороги» тақырыбында 9 «Б» оқушыларымен сынып сағатын өткізді. Сынып сағатында сынып жетекші оқушыларға жол ережелері туралы түсінік беріп, оқушылар жол ережелері туралы түсініктерін кеңейтті. 29- қаңтарда мектептің өзін өзі басқару ұйым мүшелері мен педагог-ұйымдастырушы Смагулова Р.Т 5-11 сынып оқушылары арасында «Абайлаңдар балалар» атты тақырыпта флеш- моб ұйымдастырды. 31- қаңтар күні мектеп әкімшілігі ата-аналармен «Қауіпсіз мектеп автобусы» атты тақырыпта жиын өткізді. Жиын барысында мектеп директоры Аманбаева Э.Қ Қауіпсіз мектеп акциясының 15-қаңтар мен 15- ақпан аралығында жүріп жатқанын айта отырып, оқушылардың өмір қауіпсіздігі басты мәселе екенін атап айтты. Сабақтан тыс уақытта балаларының өмір қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамау керектігін ескертті. 04 ақпан күні 7-11 сынып оқушыларымен жасөспірімдер инспекторы Асым А.Е «Айналайын абайла!» тақырыпта кездесу өткізіп,оқушыларға жол ережесі бойынша білімдерін толықтырды. Сонымен қатар кездесу барысында оқушыларға инспектор құқық бұзушылық, бопсалау, зорлық –зомбылық сияқты келеңсіз жағдайлардан сақ болып жүрулерін де ескертіп өтті. 4а және 4б сынып оқушыларының арасында 4- ақпан күні «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» атты тақырыпта шығармалар байқауы ұйымдастырылып, оқушылар белсене қатысты. 6- ақпан күні 8-9 сыныптармен сынып жетекшілер «Қауіпсіздік белгілері» тақырыпта пікірталас ұйымдастырды. Іс-шарада оқушылар тек жол қауіпсіздігіне тоқталмай жалпы өмір қауіпсіздігіне де тоқталып өмірмен байланыстыра отырып қызықты әрі тартымды өткізді. 12- ақпан күні 8-11 сынып оқушыларымен спорттық ойын түрлерінен дене шынықтыру пән мұғалімдері Беков М.Б және Юнусов М.С волейбол және баскетбол ойындарын өткізді. 13- ақпан күні «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясының бойынша қорытындыланып, мектеп жиынында белсене қатысқан оқушылар мен сыныптар мектеп әкімшілігі тарапынан марапатталды. Күнделікті автобус жүргізушісін рейске шығар алдында мектеп медбикесі қан қысымын тексеріп отырады. Сонымен қатар күнделікті жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуын болдырмау туралы және жол қозғалысының қауіпсіздігі тақырыбында мектеп автобустарының жүргізушісімен нұсқау жүргізілді. Сондай-ақ балаларды автобуска отырғызу және түсіру кезінде оқушылардың өмір қауіпсіздігі, тасымалдың уақытылы жүргізілуі, кезекшілердің кестеге сәйкес кезекшілікке шығу жұмыстары мектеп әкімшілігі тарапынан үнемі қадағаланып отырады. Голосовать Результаты