Жемқорлыққа қарысы күрес » №12 орта мектебі
Жетісу облысы бідім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"№12 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
октябрь
2025

Жемқорлыққа қарысы күрес



«Жетісу облысының білім

 басқармасының Көксу ауданы 

бойынша білім бөлімі»

 мемлекеттік мекемесінің 

«Мектеп жанындағы шағын

 орталығы бар №12 орта 

мектеп» КММ директорының 

2025 жылғы «1» 10 

№ 332 бұйрығымен бекітілген


«Жетісу облысының білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекмесінің «Мектеп жанындағы шағын орталығы бар №12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

1 - тарау. Жалпы ережелер


1. Мектептің осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 2-тармағына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленді. 

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты 

«Жетісу облысының білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекмесінің «Мектеп жанындағы шағын орталығы бар №12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін айқындау болып табылады. 

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері:

 1) Мектеп педагогтері мен қызметшілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты іс-қимылды қалыптастыру;

 2) Мектеп педагогтері мен қызметшілерінің белгіленген қағидаларды мүлтіксіз сақтауға бағытталған іс-қимылдары мен шешімдерін нақты айқындау;

 3) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілеу;

 4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негізгі қағидаттары: 

1) заңдылық; 

2) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды басымдыққа алу;

 3) жариялылық пен айқындық;

 4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы; 

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану; 

6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану; 

8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. 

2-тарау. Мектеп педагогтері мен қызметшілерінің іс-әрекет қағидалары

 5. Мектеп педагогі мен қызметшісінің жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру барысында:

 1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуге және қорғауға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде олардың жолданымдарын, хабарларын, пікірлері мен сұрау салуларын қарауға және олар бойынша қажетті шаралар қабылдауға; 

2) адал, әділ және қарапайым болуға, жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен қарым-қатынаста жалпы қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтауға, сыпайылық пен әдептілік танытуға; 

3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге;

 4) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі этносаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, сондай-ақ Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға; 

5) өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға негіз бермеуге, сын үшін қудалауға жол бермеуге, кемшіліктерді жою және қызметін жетілдіру мақсатында сындарлы сынды пайдалануға;

 6) шындыққа сәйкес келмейтін немесе тексерілмеген мәліметтерді таратпауға; 

7) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруына кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге; 

8) өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді жеке, соның ішінде мүліктік және мүліктік емес пайда алу мақсатында пайдаланбауға. 

6. Мектеп әкімшілігі өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді әзірлеу мен қабылдау барысында:

 1) қол астындағы қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін нақты айқындауға; 

2) жұмыс тәжірибесі мен атқаратын лауазымын ескере отырып, қол астындағы педагогтері мен қызметшілер арасында еңбек жүктемесін біркелкі бөлуге; 

3) қол астындағы педагогтер мен қызметшілердің жұмыс нәтижелерін бағалау кезінде, сондай-ақ оларды көтермелеу немесе тәртіптік жазалау шараларын қолдану барысында әділдік пен объективтілік танытуға;

 4) қол астындағы педагогтер мен қызметшілерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілікке, адамның қадір-қасиетін қорлауға, әдепсіздікке және теріс мінез-құлыққа жол бермеуге;

 5) қол астындағы педагогтер мен қызметшілерге лауазымдық міндеттеріне кірмейтін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, сондай-ақ орындалуы мүмкін емес өкімдер мен тапсырмалар бермеуге; 

6) қол астындағы педагогтер мен қызметшілерді қызметтік міндеттеріне қатысы жоқ немесе жеке сипаттағы тапсырмаларды орындауға тартуға жол бермеуге; 

7) қол астындағы педагогтер мен қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол беруіне ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға; 

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қол астындағы педагогтер мен қызметшілер тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алуды және жолын кесуді қамтамасыз етуге; 

9) мүдделер қақтығысының туындауына жол бермеуге және оны реттеу бойынша уақтылы шаралар қабылдауға. 

7. Мектептің әкімшілігі мемлекеттік қызметтер көрсету, сондай-ақ лицензиялық-рұқсат беру функцияларын іске асыру кезінде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге; 

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарында, Қазақстан Республикасының заңдарында және мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге жол бермеуге; 

3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөнінде, оның ішінде қаржы нарығы субъектілерін қоса алғанда, қызметтерді тұтынушылардың пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып, тұрақты негізде шаралар қабылдауға; 

4) қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі және қажетті құжаттардың нысандары туралы толық әрі нақты ақпарат ұсынуға; 

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған бекітілген тізімге кірмейтін қосымша құжаттарды ұсынуды талап етпеуге және сұрамауға; 

6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға арналған өтініштерді және қызмет алушылардың шағымдарын қарау кезінде шатастыруға жол бермеуге, оларды белгіленген мерзімдерде қарау нәтижелері туралы хабардар етуге; 

7) қызметтік емес қарым-қатынас орнатпауға және өтініш берушілермен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде тікелей байланысты барынша азайтуға; 

8) қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында заңсыз бас тартуға жол бермеуге;

 9) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қоғамдық мониторингінің нәтижелерін қарауға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған рәсімдерді жеңілдету, мерзімдер мен құжаттар тізімін қысқарту арқылы мемлекеттік қызмет көрсету процесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға; 

8. Мектеп әкімшілігі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу кезінде:

 1) азаматтардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен бостандықтарын сақтау қамтамасыз етуге; 

2) заңды және жеке тұлғалардың заңды мүдделерін бұзуға жол бермеуге; 

3) Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге. 

9. Мектептің педагогтері мен қызметкерлерін іріктеу және орналастыруға қатысты кадрлық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде:

1) тағайындауға арналған материалдарды қараудың белгіленген мерзімдерін сақтау;

 2) Мектепке жұмысқа қабылдау кезінде педагогтер мен қызметшілерге олардың негізгі міндеттері, тыйым салулар мен шектеулер туралы толық түсінік беру; 

3) кадрларды іріктеу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақтау; 

4) Мектеп педагогтері мен қызметшілерінің жеке деректері туралы ақпаратты жария етуге жол бермеу; 

5) жұмысқа орналасуға кандидаттардан еңбек шартын жасауға қатысы жоқ құжаттарды талап етпеу; 

6) Мектеп педагогтері мен қызметшілеріне қатысты объективті және жанжақты қызметтік тексерулер жүргізу. 

3-тарау. Өзге де шектеулер, тыйымдар және талаптар

10. Мектептің педагогтері мен қызметшілері өз құзыреті шеңберінде міндетті:

 1) Қазақстан Республикасының Президентінің саясатына адал болуға және оны жүйелі түрде іске асыруға; 

2) заңдылық қағидатын басшылыққа алуға, Қазақстан Республикасының Конституциясының, заңдарының және басқа нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Мектеп жарғысын қатаң сақтауға; 

3) еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға, берілген өкілеттіктерге адал және бейтарап болуға, сондай-ақ өзінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындауға; 

4) мемлекеттік меншікті мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз етуге, оны ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануға; 

5) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшалай қаражатты тиімді және мақсатты жұмсауға;

 6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етуге және оларды болдырмауға; 

7) Мектептің педагогтері мен қызметшілері өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындау кезінде алынған кез келген ақпаратты, оның ішінде үшінші тұлғаларға қатысты қызметтік, коммерциялық (оның ішінде бағалы қағаздар нарығында), банктік, микрокредит беру, коллекторлық қызмет, сақтандыру, зейнетақы жинақтары және жеке салымдар (жинақтар), мемлекеттік құпияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, автоматтандырылған ақпараттық жүйелерден алынған ақпаратты жария етпеуге; 

8) мүдделер қақтығысын болдырмау және оны шешу жөнінде шаралар қабылдауға;

 9) туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы белгілі болған бойда тікелей басшыны жазбаша хабардар етуге; 

10) егер мүдделер қақтығысы туындаса, лауазымдық міндеттерді орындауды тоқтатуға; 11) Мектептің оң имиджін сақтау үшін мінез-құлықтың әдеп нормаларын сақтау, лауазымдық міндеттерді орындау, мемлекеттік қызметтер көрсету және жеке тұлғалармен, заңды тұлғалардың өкілдерімен басқа да сыртқы және ішкі өзара іс-қимыл жасау кезінде дұрыс іс-қимыл көрсетуге. 

11. Мектептің педагогтері мен қызметшілеріне мынандай әрекеттерге тыйым салынады:

 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сыбайлас жемқорлыққа ұштасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай жасайтын, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын әрекеттерді жасауға; 

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес мемлекеттік функцияларды орындаумен үйлеспейтін қызметті жүзеге асыруға;

 3) басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға итермелеу немесе көндіруге;

 4) Басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметіне заңсыз араласуға;

 5) Мектептің қалыпты жұмысын бұзатын немесе лауазымдық міндеттерді орындауға кедергі келтіретін қызметке қатысуға; 

6) жеке немесе заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметіне қатысты мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын үшінші тұлғаларға беру немесе өз мемлекеттік функцияларын оларға тапсыруға;

 7) Келіп түскен немесе қызметтік іс-шаралар кезінде Мектепке қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген артықшылықтар (протекционизм, отбасылық) беруге; 

8) Өзінің жақын туыстарының (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынған балалар, ағай-іні, апа-сіңлі, аталары, әжелері, немерелері), жұбайының және жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде өзінің лауазымдық өкілеттілігін пайдалануға;

 9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес, өзінің жақын туыстарымен (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынған балалар, ағай-іні, апа-сіңлі, аталары, әжелері, немерелері), жұбайымен және жекжаттарымен бірлесіп жұмыс істеуге; 

10) егер мүдделер қайшылығы туындаса, лауазымдық міндеттерді орындауға; 

11) Мектеп үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға; 

12) өтініштерді қарау және шешімдерді қабылдау кезінде заңды және (немесе) жеке тұлғаларға құқыққа қайшы артықшылықтар беруге; 

13) өзінің лауазымдық жағдайын мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу мақсатында пайдалануға; 

14) біреуге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген кәсіпкерлік және кіріс алу қызметтері бойынша кез келген жәрдем көрсетуге;

 15) материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер ұсынған үшінші тұлғалардың пайдасына іс-әрекеттер (әрекетсіздік) үшін қабылдауға; 

16) өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді пайдаланып, заңды немесе жеке тұлғалардан, олардың өкілдерінен немесе үшінші тұлғалардан мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды, ақша, көрсетілетін қызметтер немесе өзге де нысандар түрінде сыйақы алу үшін өкілеттілікті пайдалануға; 

17) Мектептің педагогтері мен қызметшілеріне және өзге тұлғаларға олардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер немесе артықшылықтар алу мақсатында сыйлықтар беруге немесе қызмет көрсетуге;

 18) инвестициялық қорларды пайдаланып, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға; 

19) кредиттер мен несиелер алу, бағалы қағаздарды, жылжымайтын мүлікті және өзге мүлікті сатып алуда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген артықшылықтарды пайдалануға;

 20) өзінің қызметтік қызметін материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа мемлекеттік мүлікті және қызметтік ақпаратты қызметтік мақсаттан тыс пайдалануға; 

21) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе шығару мақсатында ресми таратылмайтын қызметтік және өзге ақпаратты пайдалануға;

 22) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және өз құзыретіне кіретін өзге мәселелерді шешудің заңда белгіленген тәртібін бұзуға;

 23) осы ақпаратты ұсынуы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген жеке немесе заңды тұлғалардан ақпаратты талап етуге;

 24) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ақпаратты жеке және (немесе) заңды тұлғаларға беруден негізсіз бас тартуға, оның мерзімін кешіктіруге, анық емес немесе толық емес ақпарат беруге; 

25) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұғымдарға жататын ойын мекемелерінде, сондай-ақ оған арналмаған орындарда немесе телекоммуникациялық желілерді, соның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға тыйым салынады. 

4-тарау. Қорытынды ережелер

12. Мектептің педагогтері мен қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтауға міндетті. 

13. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Мектептің педагогтері мен қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады. 

14. Мектеп педагогтері мен қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтауын бақылау міндеті мектеп директорына жүктеледі


Похожие публикации:

01 сентябрь 2023 Хабарландыру
01 апрель 2024 Хатарландыру
03 май 2017 1-mektep-tarihy
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив