14
март
2025
Ата-аналарға
"N12 орта мектебі "КММ 2025-2026 оқу жылына 1-сыныпқа өтініштерді қабылдау 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап https://egov.kz порталында жүргізілетінін хабарлайды‼️‼️‼️
🔊🔊🔊Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
📢1) "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес нысан бойынша ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
📢2) «Профилактикалық екпелер картасы»
№ 065/у нысанды және «Бала денсаулығының паспорты» № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;
📢3) баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап орта білім беру ұйымына қабылдау және оқуға қабылдау туралы хабарлама алады, құжаттардың толық емес пакетін ұсынған кезде – бас тарту себебін көрсете отырып, дәлелді бас тарту туралы хабарлама келеді.
❗️Ата-аналарға «N12 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025-2026 оқу жылына 1-сыныпқа өтініштерді қабылдау бойынша «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында» электронды көмек көрсетеді. Электронды тіркейтін құжаттардың толық болуына НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! ❗️
‼️‼️‼️Ата-аналардың электронды цифрлық қолтаңбаларының (ЭЦҚ/ЭЦП) болуы міндетті!‼️‼️‼️
ӨТІНІШ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ БЕРІЛЕДІ!
