Іс-шара
2026 жылдың 10-ақпан күні аудан прокуратурасымен кәмелетке толмағандар мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша жүргізілетін профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес 6-11 сынып оқушыларына «Закладчики. Мать» атты деректі фильмі көрсетілді. Фильмде есірткі тасымалдау мен таратудың салдары, жасөспірімдердің жеңіл жолмен табыс табуға ұмтылуының қайғылы нәтижелері, сондай-ақ ата-ананың жан күйзелісі мен отбасылық трагедиясы бейнеленген.