29
февраль
2020
«Ризашылық мейірімділік бұлағы» атты жалпыұлттық мәдеи - білім беру жобасына арналған іс-шаралар

2020 жылдың 28 ақпаны күні «№ 12 орта мектебі» КММ «Алғыс айту күні» аталып өтті.
Айтулы мерекеге ауыл әкімі Базилов М.С., ақсақалдар алқасының торағасы Айманбеков Ж.А., әжелер алқасының төрайымы Ақжолова А.П., әжелер ансамблінің мүшесі Танекенова Р .Ә және ауылдағы бас ұлт өкілдері татар ұлтынан Катаржнова Сания., Абсугирова Раиса., ұйғыр ұлтынан Байшапанова С.А., неміс ұлтынан Крыжний Николай., орыс ұлтынан Еремина Н.И арнайы қонақ ретінде шақырылып, мектеп оқушыларын атаулы мерекемен құттықтады.
Атаулы іс-шараны мектептің көркемөнерпаздар үйірмесінің оқушылары мен өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері ұйымдастыры.
Іс-шара барысында жүргізушілер мерекенің мақсатымен таныстырып, өмір соқпағына түскен талай тағдырларының басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай қамқорлығына алған Қазақстанда адамдардың адамға құрмет көрсететін күн екені айтылды.
Сонымен қатар бұл күні адамдар бір-біріне ризашылығын білдіріп, ықылас пен мейірімділік сыйлайтын күн екенін айта отырып,оқушылар ән салып, сахналық көрініс қойып,басқа ұлттардың өнерлер де көрсетті.
Мереке соңында мектеп оқушылары Ескендір Хасанғалиевтың «Өз елім» атты әнін шырқап, көпшіліктің ықласына бөленді.