әдістемелік жұмыс » №12 орта мектебі
Жетісу облысы бідім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"№12 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
февраль
2020

әдістемелік жұмыс



«№12 орта мектебі»КММ
Бастауыш сыныптарының әдістеме бірлестігінің
1жартыжылдық бойыншы жүргізілген жұмыстары бойынша есебі
2019-2020 оқу жылы
Бастауыш сынып әдістемелік жұмысының мақсаты: Белсенді әдіс-тәсілдер тиімді қолдану арқылы кіші жастағы оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру
Міндеттері:
• құжаттар бойынша жүйелі жұмыс жүргізу ;
•Білім мазмұнын жаңарту бағдарламасын жүзеге асыру;
•Озық тәжірибелерді зерттеу,жинақтау,насихаттау және тарату;
•Дарынды және үлгерімі төмен оқушымен жұмысты жүйелі жүргізу;
•Сабақты зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
•Іс-әрекетті жерттеу жұмыстарын жүргізу;
2019-2020 оқу жылында №12 орта мектебінің бастауыш әдістеме бірлестігінде 6 мүшесі бар. Оның ішінде жоғары санатты-1мұғалім , 1 санатты - 5 мұғалім. Жоғары білімді -5, арнайы орта білімді -1мұғалім бар. Еңбек өтілдері бойынша 30 жылдан асқан 1 мұғалім /Байшапанова С.А./, 20-30 жыл аралығында 4 мұғалім /Жандарбекова М.М., Юнусова Г.С., Кегенбаева Ш.С., Жандарбекова С.А./ 10-20 аралығында 1 мұғалім /Базилбекова Д.С./ 2 мұғалім Кембридждік бағдарламаның 2 деңгей сертификат иегері /Юнусова Г.С., Жандарбекова С.А./, 2 мұғалім 3 деңгей сертификат иегері /Базилбекова Д.С, Кегенбсаева Ш.С/. 2 мұғалім тренерлік курстан өткен / Юнусова Г.С., Жандарбекова С.А./ Педагогикалық біліктілік бойынша 1 зерттеуші мұғалім /Юнусова Г.С./,4 сарапшы мұғалім / Байшапанова С.А, Жандарбекова С.А, Жандарбекова М.М, Базилбекова Д.С./
2019-2020 оқу жылында бастауыш сыныптардың әдістеме бірлестігінде
жоспарланған жұмыстар ретімен орындалып, осы уақытқа дейін 3 бірлестік отырысы өткізілді.
I-отырыста 2019-2020 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен танысып, ондағы өзгерістер мен ерекшеліктер, жүргізілетін БЖБ және ТЖБ негізінде күнтізбелік жоспарлар қаралып, толықтырылып, бекітілді. Әр сынып бойынша сабақ кестесі құрылып,күнтізбелік, тәрбие жоспарлардың бағдарламаға сәйкестігі қаралды,өз білімін көтерудегі шығармашылық ізденіс барысында әдістемелік нұсқаулар мен оқулықтар қаралды. Іс қағаздарының және мектеп құжаттарының жүргізілуі туралы өзгерістермен танысып, басшылыққа алынды. Осы отырыста дарынды және қабілетті оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспарлары қаралып,оқушылар тізімі жасалып, жұмыс барысы талқыланды. Кабинет меңгерушілерінің кабинет паспорты бекітуге берілді.
1-Қырқүйек күні барлық сыныптарда «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты тәрбие сағаттары өтті. Қазан айында мектепалды даярлық сыныбында «Мен мектепке барамын» атты ертеңгілік өтті.
II- отырыста оқушылардың оқу жылы басындағы білім деңгейін анықтау мақсатында пәндер бойынша бақылау қима жұмыстары жүргізілу барысы қаралып ,кемшіліктер талқыланды. 1-4 сыныптарда дәптер тексеру сапасын айқындау, бірыңғай орфографиялық сауаттылығын арттыру, тиімді жолдарын пайдалануда жүргізілген жұмыс жүйесі талданып, бастауыш сынып оқушыларының жазу үлгілеріне, каллиграфиясына назар аудару, әр сабақта көркем жазу жұмыстарын нығайту туралы ұсыныс берілді. «Оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыруда қалыптастырушы бағалаудың маңызы» атты тақырыпта С.А.Жандарбекова шебер сынып өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында жүргізіп жатқан іс-тәжірибесімен бөлісті. Басқа мұғалімдер де өздерінің ойларын ортаға салып, оқушылардың қызығушылығын қалыптастырушы бағалаудың тиімділігі жөнінде ойларын ортаға салды. Электронды журнал толтырудың ерекшеліктері жайында ой-пікірлер ортаға салынды. 4-сынып мұғалімдері Байшапанова С.А , жандарбекова С.А. оқушыларды ОЖСБ-ға дайындау барысында кездесіп жатқан қиындықтарды ортаға салды
І-жарты жылдық бойынша жүргізілген БЖБ жұмыстарының рубрикалары қаралып, ТЖБ жұмыстары бойынша жүргізілген модерация жұмыстарының қорытындылары қаралды.
III отырыста 1-сыныптың мектепке байімделу барысы талқыланды. 1-сынып мұғалімі Жандарбекова С.А. оқушылардың мектепке бейімделу жұмысы қаншалықты деңгейде жүргізіліп жатқандығына тоқталды. 1 жартыжылдық бойынша жаңартылған бағдарламаның негізінде жиынтық бағалаудың қорытындысы қаралып,модерация жұмысының жүргізілу ережесі талқыланды. 2-сынып жетекшісі Юнусова Г.С. «Тәрбие жұмысы барысында оқушылардың бойына ұлттық тәрбиені сіңіру жолдары» тақырыбына баяндама оқып, осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. 3 сынып мұғалімі Базилбекова Д.С. «Дарынды ,қабілетті оқушылармен жұмыс жүргізудің маңыздылығы» тақырыбына шеберлік сыныбын өткізіп, дарынд балалармен жүргізіп жатқан жұмыстарына кеңінен тоқталды . Атап айтсақ республикалық «Балбұлақ» журналында жарық көрген оқушылардың шығармашылық жұмыстары / Мұхаметқанапия Жансая, Өмірзақ Бекарыс,Қайсен Темірлан,Амангелді Мирас /, Интернет олимпиадаға қатысып, жүлделі орын алған оқушыларының жетістіктерімен бөлісті./ «Дарабала» шығармашылық орталығы өткізген үш арыстың 125 жылдына орай өткізген сайыстың 1-орын жеңімпаздары Өмірзақ Бекарыс, Құсайын Ақерке,Әбдібай Азамат, Турдалиев Абубакир/
Мұғалімдер өздерінің білімдерін үнемі жетілдіріп,өз іс-тәжірибелерін таратып отырады, яғни өздерінің жұмыстарын баспаларға және сайттарға жариялап отырады.
Атап айтсақ; Елназар республикалық журналына Г.С.Юнусованың «Туғанжер-тұнған шежіре» атты баяндамасы /№6,2018/, «Менің отбасым» тақырыбындағы сабақ жоспары,1 сынып,дүниетану /№7-8,2018/, «Артық,кем,тең» математика пәнінен сабақ жоспары,1-сынып /№10-11,2018/ Д.С.Базилбекованың «Ұлттық тағамдар.Мәтін» сабақ жоспары,1 сынып,сауат ашу /№07-08,2018/, С.А.Байшапанованың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тәрбие сағаты/№10-11,2018/, М.М.Жандарбекованың «Развитие творческих способностей младши классов с примененением стратегиий развития критечкого мышления на уроках русского языка и литературного чтения» атты мақаласы /№10-11,2018/ жарық көрді. «USTAS.KZ» сайтынада өздернің жұмыстарын жариялаған Г.С.Юнусова, Д.С.Базилбекова, С.А.Жандарбекова,С.А.Байшапанова, М.М.Жандарбекова сертификаттармен қатар алғыз хат және мадақтамалармен марапатталды. Г.С.Юнусова, Д.С.Базилбекова, «Зиаткер» сайтына жұмыстарын жариялап әр сабаққа сертификат алып,сайттың алғыс хаты мен мақтау грамотасына ие болды.
Ауданда өткізілген «БІЛГЕН» олимпиадасына 1-4 сыныптан барлығы 44 оқушы қатысып, оның барлығы келесі турға өтті және 1 тур бойынша оқушылар дипломдармен марапатталды. Аталған олимпиадаға оқушыларды дайындағаны үшін бастауыш сынып мұғалімдері С.А.Байшапанова, С.А.Жандарбекова, Г.С.Юнусова, М.М.Жандарбекова ,Д.С.Базилбекова білім беру орталығының дипломдарымен марапатталды.
Қараша айында мектебімізде өткізілген облыстық семинарда бастауыш сынып мұғалімі Юнусова ықшам сабақ өткізіп тәжірибесімен бөлісті. Осы айда облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырған «замануи сабақ-педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» үздік сабақтар фестивалінде тәжірибе таратқаны үшін АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталды.

Похожие публикации:

25 февраль 2020 әдістемелік жұмыс
25 февраль 2020 әдістемелік жұмыс
03 май 2017 1-mektep-tarihy
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив