Отбасы күніне орай «Әрқашан күн сөнбесін!» тақырыбында өткізілген сурет көрмесі
Отбасы күніне орай «Әрқашан күн сөнбесін!» тақырыбында
өткізілген сурет көрмесі бойынша
м ә л і м е т
Мақсаты: Отбасы мейірімділік, қамқорлық туралы түсінік беру, отбасында әкені сыйлау, ананы қадірлеуге, ата –әжемізді сыйлауға тәрбиелеу, отбасын құрметтеуге баулу, отбасы туралы салған шығармашылық жұмыстарын көрмеге шығару. Сурет көрмесіне қойылған суреттерді тамашалау арқылы, оқушыларға отбасындағы құндылықтарды дәріптеу.
2020 жылдың 15 қыркүйек күні Отабасы күніне арналған іс-шара жоспарына сәйкес «Әрқашан күн сөнбесін!» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Сурет көрмесіне 1-6 сынып оқушылары қатысып, өздерінің белсенді екендерін көрсетті. Оқушылар өздерінің жанұясын бейнелейтін суреттер салды. Суреттер мектеп қабырғасына сурет көрмесі ретінде ілінді. Өте жақсы салынған суреттер таңдалып мақтау қағазымен марапатталды. Атап өтсек: 5 сынып оқушысы Тілеукабылова Нұрай, 1 сынып оқушысы Абзол Диас І- орын, 2 сынып оқушысы Рақымбек Берік, 1 сынып оқушысы Керімұлы Еркінбек ІІ- орын, 4 сынып оқушысы Өмірзақ Бекарыс, 2 сынып оқушысы Мэлс Кәусар ІІІ- орынды иеленді.
