әдістемелік жұмыс » №12 орта мектебі
Жетісу облысы бідім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"№12 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
февраль
2020

әдістемелік жұмыс

№12 орта мектебі жаратылыстану-математика пән бірлестігінің
I-жарты жылдық бойынша жүргізілген жұмысының есебі
2019-2020 оқу жылы

Тақырып: «Білім беруде интербелсенді әдістерді пайдалану арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру»
МАҚСАТЫ: Оқытудың жаңа инновациялық өзгерістерін енгізу арқылы, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеру.
Міндеті: Оқушылардың ғылыми ізденушілікке деген қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін ашу, Оқушыларды тәрбиелеуде олардың жан-жақты жоғары адамгершілік сапалары мен рухани құндылықтарының дамуына қарқынды ықпал ету
«Жаратылыстану-математика» әдістемелік бірлестігінің құрамындағы мұғалімдердің сапалық құрамы:
Реті Аты-жөні Білімі Санаты Мамандығы
1 Шағатаева Қ.Қ жоғары 1 Информатика мұғалімі
2 Қожағалиева Г.Қ жоғары 1 География пәні мұғалімі
3 Ибрайм Қ.Б аяқталмаған жоғары - Математика пәні мұғалімі
4 Нұрғалиева Б.С жоғары 1 Физика-математика пәні мұғалімі
5 Сәрсембаева М.А арнаулы орта - Информатика пәні мұғалімі
6 Оразалин А.М. жоғары - Математика-информатика пәні мұғалімі
7 Алигожина Л.К жоғары - Химия-биология пәні мұғалімі
8 Шаекенова АН. жоғары - Тарих-география пәні мұғалімі
Қыркүйек айының бірінші аптасында бірлестік отырысы болып, жылдық жоспар бекітілді. Әр пән мұғалімі жыл бойы жұмыс жасаудағы проблемалық тақырыптарымен бөлісіп, әдістемелік бірлестік жетекшісіне тақырыптарын берді. Сонымен қатар әдістемелік бірлестіктің тақырыбы, мақсаты, міндеттері анықталды.
Қазан айында математика пәні мұғалімі болып жас маман Ибрайм Қ.Б. келді. Жас маманға әдістемелік көмек көрсету үшін физика-математика пәнінің мұғалімі Б.С.Нургалиева тәлімгер болып бекітілді. Қазіргі таңда жас маманмен тәлімгер арнайы жұмыс жоспары негізінде жұмыс жасауда.
Мектеп бойынша І тоқсан аяғында бірлестіктің кезекті отырысында бірлестік мұғалімдері пән бойынша білім сапалары туралы және жазба жұмыстары жөнінде есебін берді.
Жаратылыстану-математика әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері өз сабақтарында жаңа технологияларды және интербелсенді тақтаны, таныстырылымдар мен бейнефильмдер, қосымша мәліметтер пайдалана отырып сабақтарын өткізеді. Физика – математика пәндерінен 11-сыныптарда ҰБТ-ға дайындау мақсатында қосымша сабақтар уақытылы өткізіліп тұрады. Әр тоқсан сайын пәндер бойынша бақылау жұмыстары, зертханалық жұмыстар және тест жұмыстары жүргізіледі. Бірлестік мұғалімдері жүктелген міндетті жауапкершілікпен атқарады.
Қараша айында физика пәнінің мұғалімі Б.С.Нургалиева «ағылшын тілінде сабақ беретін ЖҒБ пәндерінің оқытушылары» 9 айлық курсын аяқтап, С1 сертификатын алып келді. 20-қараша күні Т.Исабаев атындағы орта мектеп базасында оқушылар арасында өтетін Республика, Халықаралық BILGEN зияткелік білім олимпиадасы өтіп, 5, 6, 9 «А»-сынып оқушылары математика пәні бойынша қатысып, 2-турға өтіп келді. Пән мұғалімі Ибрайм Қ.Б. Сондай-ақ мектепішілік олипиада өткізіліп аудандық олипиадаға баратын оқушылар іріктелініп алынды.
Желтоқсан айында біздің әдістемелік бірлестік мұғалімдері аудандық олимпиадаға өз оқушыларын дайындап, қатыстырды. Физика пәні бойынша 1-турдан өткен оқушы Садабек Сезім аудандық пәндер олимпиадасында II орынды жеңіп алды. Пән мұғалімі Б.С.Нургалиева.
II тоқсанның қорытынды есебі бойынша бірлестіктің кезекті отырысы өткізіліп, білім сапасы бойынша және стандартқа сәйкес оқу бағдарламасының орындалуы, 5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделу есебі, жас маманмен жүргізілген жұмыс бойынша тәлімгер бойынша есебі берілді.
І-жарты жылдық бойынша бірлестік отырысында есеп берілді. Білім сапасы төмендегідей:
Нурғалиева Б.С. физика пәні бойынша сапа көрсеткіші




Нурғалиева Б.С. математика пәні бойынша сапа көрсеткіші


Ибрайм Қ.Б. алгебра пәні бойынша сапа көрсеткіші


Ибрайм Қ.Б. геометрия пәні бойынша сапа көрсеткіші


Алигожина Л.К. биология пәні бойынша сапа көрсеткіші


Алигожина Л.К химия пәні бойынша сапа көрсеткіші



Сәрсембаева М.А. информатика пәні бойынша сапа көрсеткіші


Шаекенова А.Н. жаратылыстану-география пәндері бойынша сапа көрсеткіші


Қожағалиева Г.К. география пәні бойынша сапа көрсеткіші


Оразилин А.М. алгебра пәні бойынша сапа көрсеткіші


Оразилин А.М. геометрия пәні бойынша сапа көрсеткіші


Оразилин А.М. информатика пәні бойынша сапа көрсеткіші




Қорытынды, ұсыныстар
Жалпы сыныптардың жаратылыстану-математика пәні бойынша білімдері қанағаттанарлық. І жартыжылдық барысында мемлекеттік стандарт орындалды, оқу жоспары бойынша белгіленген оқу бағдарламасы толық игерілді. Дегенмен де пән бойынша үлгерімі төмен оқушылар баршылық. Дегенмен де ІІ жартыжылдықта бос уақыттарда жоспарлы түрде қосымша сабақтар ұйымдастыру, үйде ата-аналар тарапынан қадағалаушылықты күшейту қолға алынса...
Алдағы оқу тоқсанының мақсат міндеттері
- Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмысты жандандыру, яғни сабақтан кейінгі уақытта қосымша сабақтар ұйымдастыру ;
- Пән бойынша білім сапасын көтеру;
- Дарында баламен жұмысты жандандыру

Похожие публикации:

25 февраль 2020 әдістемелік жұмыс
25 февраль 2020 әдістемелік жұмыс
03 май 2017 1-mektep-tarihy
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив