Талапкерлерді ҰБТ-ге дайындайтын "Жетістік формуласы" атты психологиялық тренинг » №12 орта мектебі
Жетісу облысы бідім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"№12 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Талапкерлерді ҰБТ-ге дайындайтын "Жетістік формуласы" атты психологиялық тренинг
15
апрель
2021

Талапкерлерді ҰБТ-ге дайындайтын "Жетістік формуласы" атты психологиялық тренинг


                                                                    "№12 орта мектебі" КММ

Талапкерлерді  ҰБТ-ге дайындайтын

"Жетістік формуласы" атты психологиялық тренинг.


Ұлттық біріңғай тестілеуді тапсыру кезінде оқушылардың өзін-өзі  реттеу дағдыларының қалыптаспауы, өзін-өзі бақылаудың, стреске қарсы тұру қабілетінің  төмендігі және емтиханды қабылдау ерекшеліктеріне байланысты қиындықтар кездеседі.

Осы қиындықтарды жеңу үшін талапкерлерді  ҰБТ-дің өту барысымен таныстыру, стреске қарсы тұру қабілеттерін дамыту, өзі-өзіне сенімін арттыру, стрестік жағдайда туындайтын мазасыздану деңгейін төмендету, өзін-өзі бақылауға дағдыландыру қажет.


Тақырыбы: «Ұлттық біріңғай тестілеу»


Мақсаты:  Мектеп бітірушілердің ҰБТ ерекшеліктерімен таныстыру.


Жаттығу «Ассоциациялар»

Оқушыларға нұсқау беріледі «Ассоциациялар-бұл бір сөз естіген, бір нәрсені көрген бойда келетін ойлар. Сіздің алдыңыздағы қатысушы айтқан сөзге ассоциациялар табуыңыз қажет. Көп ойланудың қажеті жоқ, ойыңа келгенін айту керек». Мысалы: тестілеу.


Психолог: Жақын арада сіздердің сабақтарың аяқталып, емтихан тапсырасыздар. Емтиханды Ұлттық біріңғай тестілеу арқылы тапсырасыз. ҰБТ туралы не білгілерің келеді? 


Мағлұмат беру

  • ҰБТ- бұл белгілі пәндер бойынша тапсырылатын ақысыз емтихан. ҰБТ-ның көрсеткіші  ЖОО түсу үшін  есептеледі. ҰБТ- өту кезінде барлық  Қазақстан бойынша біріңғай тапсырмалар беріледі, нәтижесі компьютер арқылы тәуелсіз шығарылады.  ҰБТ-ның өту барысында тұрақты жұмыскерлік, жұмысты ұйымдастырушылық, зейіннің шоғырлануы, ауысуы,  мобильдікті қажет етеді. Тестілеу кезінде қатаң тәртіп  ережесін сақтауы тиіс!


Пікір алмасу.

ҰБТ-ның жақсы жақтары. ҰБТ-ның маған әкелер  көмегі.  Дәстүрлі емтихан тапсырудан ҰБТ-ның артықшылығы. 


Жаттығу «Менің мақсатым»

Мақсаты: Оқушылардың жетістікке ұмтылысын күшейту.

Нұсқау: «Бірнеше минут тыныштық сақтап ойланып алу қажет. Неге қол жеткізгіңіз келетіні туралы ойланыңыз, нені үйренгіңіз келеді. Өз ойыңызды мимика арқылы қалай жеткізер едіңіз ? Басқа қатысушылар сіздің не туралы айтқыңыз келетінін табуы керек».

Анализ: 

-Ең маңызды мақсатты белгілеу қиын болды ма?

-Өз мақсатыңа жету үшін не істеу керек?

-Сіздің мақсатыңыз тым жоғары немесе тым ұсақ емес пе ?


Рефлексия

Қорытындылау. Оқушылар сұрақтарға жауап қайтарады:

-Өзіңізді қалай сезініп отырсыз?

- Не ұнады, не ұнамады?

-Жаңа не білдіңіз?



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив