09
апрель
2026
Іс-шара
https://www.instagram.com/reel/DUalnvWiF95/?igsh=cjM1eDJwdTFmeHBs
«Өзін – өзі басқару» ұйым мүшелерінің ұйымдастыруымен «Жарнамаға алданба!» тақырыбында букмекерлік кеңселер мен блогерлердің агрессивті жарнамасына қалай сын көзбен қарау керек мәселесіне арналған бейнеролик көрсетілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың медиа сауаттылығын арттыру, жарнамалық манипуляцияларды ажырата білуге үйрету және құмар ойындардың зияны туралы түсінік қалыптастыру.
Бейнероликте агрессивті жарнаманың негізгі белгілері, эмоцияға әсер ету тәсілдері, «оңай табыс» туралы жалған уәделер мен блогерлер арқылы сенім қалыптастыру әдістері нақты мысалдармен көрсетілді. Көрсетілімнен кейін қатысушылар тақырып бойынша өз пікірлерін білдіріп, жарнамаға сын көзбен қараудың маңызын талқылады.
Іс-шара тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың саналы таңдау жасауына және ақпаратты жауапкершілікпен қабылдауына оң ықпал етті.