Әдістемелік жұмыс /іс-шара/ » №12 орта мектебі
Жетісу облысы бідім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"№12 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Әдістемелік жұмыс /іс-шара/
09
март
2021

Әдістемелік жұмыс /іс-шара/

«№ 12 орта мектебі КММ»

Жаратылыстану –математика  әдістеме бірлестігі бойынша жүргізілген жұмыстарға жарты жылдық талдау

2020-2021 оқу жылы

        Жаратылыстану-математика  әдістемелік   бірлестігі жыл бойына «Оқытудың   озат  технологияларын енгізу арқылы жеке тұлғаның сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік  тудыру  және  оны  жүзеге асыру»  тақырыбында   жұмыс  жүргізді. Осыған байланысты төмендегідей мақсат-міндеттерді алға қойды. 

Жаратылыстану-математика әдістемелік  бірлестік жұмысының мақсаты: оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін ұштау, дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру, мемлекеттік стандарқа сай оқушылардың білім сапасын көтеру, жана технологияларды тиімді қолданып, әр сабақта оқушылардың пәнге деген бейімділігін арттыру.  

Міндеттері:

Оқушылардың көрнекі-бейнелік және логикалық ойлауды, оқу уәжін, өздігінен білім алу қабілетін атқару.

Математикалық білім мен икемділікті оқушылардың жүйелі түрде тиянақты әрі сапалы меңгеруін қамтамасыз ету.

Оқушылардың логикалық ойлауы мен танымдық түсініктерін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға жағдай туғызу.

Жаңа ақпараттық қоғамға бейімделу және жаңа ақпараттық технологияны қолдану.

Барлық типтегі сабақтарды өткізудің жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету. 

Бірлестік мұғалімдерінің  кәсіби  біліктілігін  көтеру. 

Шығармашылықпен  жұмыс  істейтін мұғалімдердің іс-тәжірибесінің тиімді тұстарын  айқындау, жинақтау тарату.

Оқушылардың  бойында  рухани-адамгершілік  қасиеттерді  қалыптастыру.

Математика,физика,химия,биология,география,информатика мұғалімдерінің нәтиже мен тұлғаға бағытталған озық оқыту технологиялары бойынша жұмыстарын жандандыру.

Күтілетін нәтижелер:

Сабақта және сабақтан тыс жұмыс жүйелері арқылы білім сапасын арттыру.

Мұғалімдердің озық іс-тәжірибелерін және оқытудың нәтижелі технологияларын зерделеу және тәжірибеге ендіру.

Білімін көтеру курстары мен өз білімін көтеру жұмыстары арқылы жаратылыстану –математика пән мұғалімдерінің педагогикалық шеберлік деңгейлерін көтеру.                                                                                                         Биылғы 2020-2021 оқу жылында №12 орта мектебінің жаратылыстану –математика әдістемелік бірлестік  құрамында 8 мұғалім жұмыс жасайды, олардың ішінде жоғары білімі бар-7, бірінші санаты бар- 4, екінші санаты бар- 1, санатсыз мұғалімдер саны-3. Жас маман Ибрайым Қуандық.

2020-2021 оқу жылына әдістеме бірлестігінің  жоспары  құрылып, сол жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді.Тоқсан сайын бірлестік отырыстары болып,жүргізілген жұмыстарға сараптама жасалып,талқыланып отырды.

1-отырыста 2020-2021 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен танысып, күнтізбелік жоспарлар қаралып, олардың бағдарлама негізінде құрылғаны қаралды. Пән апталығының он күндік жоспары құрылып, бекітілді.Бірлестік мұғалімдерінің дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары жүргізілуде, соның нәтижесінде онлайн конкурсына және мектепішілік олимпиадаға оқушылар қатыстырылды. Соның ішінде: математика пәнінен (8-11) сыныптар арасынан 10 оқушы, биология пәнінен 8 оқушы, химия пәнінен 5 оқушы және география пәнінен 5 оқушы қатысты. Мектепішілік олимпиада нәтижесінде аудандық олимпиадаға 10 оқушы іріктелді. .Kundelik  электронды журналының жүргізілу нұсқаулығымен таныстыру.Оқу тәрбие үдерісіндегі құқықтық-нормативтік құжаттармен танысу қарастырылды.

2-отырыста   бірлестік мұғалімдерінің өз білімін арттыру тақырыптары мен өзекті мәселелері анықталып,бекітілді.Қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен жекелей жұмыстар жүргізу жолдары бойынша пән мұғалімдері өз есептерін айтып өтті. Пәндік олимпиадалар - оқушылардың білім деңгейін тексерудің бұқаралық сипаттағы жарыс түрінде өткізілетін бірден-бір формасы.

Жалпы пәндік олимпиадалар мектеп оқушыларының  пәнге деген қызығушылығын тудырумен бірге, олардың білімін бағалаудың әділ жолы болып табылады.

География пәнінен олимпиадалық тапсырмаларды құрастыру жолы бойынша Қожағалиева Г.Қ. өз тәжірибесімен бөлісті. Қазіргі кезде балалар дарындылығын арттыру үшін көптеген жұмыстар істелінуде.Солардың ішінде дарынды оқушылар арасында ғылыми пәндер бойынша өткізілетін пәндік олимпиадалардың орны ерекше.

Мектеп оқушылары арасында географиядан пәндік олимпиада өткізудің басты мақсаты-дарынды оқушыларды іріктеу, кәсіптік бағдар бере отырып, география мамандығын игеруге шақыру, маман-кадрлар дайындауға үлес қосу, білім мен тәрбие берудің оңды жолдарын іздестіру.

Жаратылыстану ғылымдарының ішінде география пәнінің оқушылардың танымдық қабілетін дамытудағы көтерер жүгі аз емес. Пәндік олимпиадаға оқушы таңдауда пән мұғалімі ең алдымен  бала бойынан пәнге деген басым қызығушылығын, оның бойынан туа біткен қабілетін көре білуі қажет. Оқушының шығармашылық қабілетін іскер де білікті мұғалім ғана шебер ұйымдастыра алады.

Шығармашылық ізденіс арқылы оқушының ойлауы, қиялдауы, сана-

сезімі өседі нақты біліммен қаруланады. Өзінің шамасы келетін мәселелер мен міндеттерді шеше білу іскерлігі мен дағдылары дамиды. Осы сатыға жету үшін басты назарда оқушының белсенді әрекеті шешуші роль атқарады.

Осы  олимпиадаға оқушыларды дайындаудағы өзіндік іс-тәжірибесін ортаға салды.

3-отырыста  Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын, сындарлы ойлайтын, идеялар мен өнімді пікір ұсына алатын және командада, топтарда тиімді жұмыс істейтін икемді, креативті және бастамашылық қабілеті бар жастар қажет. Күрделілігі күн сайын артып, өзгеріп және тез жетіліп келе жатқан, біз өмір сүріп жатқан әлемде «Білімнің болуы» бүгінгі күні жеткілікті емес. Адамдардың өмір бойы білім алуын оңтайландыру үшін жастардың жеке қабілетін жан-жақты дамытып, оларға жан-жақты білім беру шеңберінде тиімді ойлау қабілетін сіңіру қажет екені сөзсіз. Әдістемелік құралда жинақталған әдістер мен тәсілдер мұғалімдер жүргізіп отырған тәжірибелік жұмыстың нәтижесі ретінде алдағы уақытта оқыту және оқу мәнмәтініне сәйкес пайдаланылады және әзірленеді деп болжанумен қатар, бұл мұғалімдердің көшбасшылығын нығайту әдісі болып табылады.

Жаратылыстану  сабақтарында  интербелсенді әдістерді қолдану, сабақ құрылымын тиімді құруға және сабақ сапасын арттыруға көмектеседі. Оның келесідей түрлері бар. Оларды кез келген сабақта қолдануға болмайды. Себебі әр сабақтың өз мазсұны мен күрделілік деңгейлер болады. сондықтан, мен бұл әдістерді белгілі бір категорияларға бөліп қарастыру қажет деп ойлаймын. Олар мыналар:

Мәтін мазмұнымен танысуда:«Кластер»«Категориялы топтастыру»«Болжамды оқу»«Инсерт»«Тірек жазба»

Мәтінді талдау кезінде:«Топтық жоба қорғау»«Жуан-жіңішке сұрақтар»«Аквариум»

Мәтінді қорытуда:«Фишбоун»«Егер, онда, өйткені»«Эссе»«Қар үйіндісі», т.б. Енді осы интербелсенді  әдістерді  сипаттап,  оның артықшылықтарына  назар  аударайық.

 Оқытуда  ақпараттық  технологияның  мүмкіндіктерін  пайдалану барысында   және педагогикалық технологиялардың элементтерін сабақта     пайдалану, мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасу  мақсатында жаратылыстану-математика әдістеме бірлестігі   22 ақпан-05 наурыз   аралығында  «Жаратылыстану ғажайыптары» тақырыбында ашық сабақтар   және пәндік жарыстар  өткізді. 

22.02.2021 онлайн  онкүндіктің ашылуы болды,онда онкүндіктің жоспарымен таныстырылды.

22.02.2021ж күні жаратылыстану пәнінен 5 «а» сыныпта «Табиғаттағы қозғалыс» тақырыбында сабақ өтті.Жауапты Джебетаева А.И.

23.02.2021  күні гография пәні бойынша «Еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамдары» атты 9 сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізілді, жауапты Қожағалиева Г.Қ.Бұл сабақта оқушылар картамен жұмысты жақсы меңгергенін көрсетті.

Оқушылар сабақтағы  жұмыстар барысында  мәтінді оқып, сабақтың әр кезеңінде оқушылар белсенді қатысып,өз білімдерін қолдана білді.

25.02.2021 күні 5 «а»   сыныппен «Ондық бөлшекті натурал санға бөлу.Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу» өткізілді, жауапты Оразалин А.М. оқушылар тақырыпқа  сәйкес есептер шығарды.

26.02.2021ж   күні  6 сыныппен  математика пәнінен «Перпендикуляр түзулер және кесінділер» тақырыбында сабақ өтті. Жауапты Ибрайм Қ.                                                                                              02.03.2021 күні 9сыныппен  «Кремний және оның қосылыстары» ашық сабақ өткізілді жауапты Еркебалаева Н.С.. 9 сынып оқушылары жаңа тақырыпты жықсы түсінді.

Осы күні  8 сыныппен сыныптан тыс биология пәнінен «Жас биолог 2021» интелектуалды сайысы өтті.Жауапты Джебетаева А.И.

 03.03.2021ж  күні 8 сыныппен физика  пәні бойынша «Тұрақты магниттер,магнит өрісі.№8 зертханалық жұмыс.Тұрақты магниттің қасиеттерін оқып үйрену және магнит өрісінің бейнесін алу»тақырыбында ашық сабақ өтті, жауапты  физика пәні мұғалімі Нургалиева Б.С

  03.032021ж. күні  «Математикалық сайыс» сыныптан тыс іс шара болды, бұнда  5- сынып оқушылары жарысқа түсіп, соңында жеңімпаз анықталып, марапатталды. Барлық қатысушыларға номинация бойынша мақтау қағазымен марапатталды. Жауапты Оразалин А.М.

04.03.2021 күні информатика пәні бойынша «Ақпаратты іздеу» атты  сабақ  болды, бұнда 3 сынып оқушыларымен өтті.Жауапты мұғалім: Шагатаева К.К                             02.03.2021ж күні 9-10 сыныппен «Дарындылар додасы» атты химия   сабағынан сыныптан тыс өткізілді. Жарысқа  6 оқушы қатысып, 5 түрлі тапсырмалар бойынша өтті.Соңында жеңімпаз анықталып, марапатталды.Барлық қатысушыларға номинация бойынша мақтау қағазымен марапатталды. Жауапты Еркебалаева Н.С.

 05.03.2021ж күні 5 «б» сыныппен «Движение робота полинии» тақырыбында сабақ өтті.Жауапты  Сарсембаева М.А.

Осы күні бірлестік жетекшісі Еркебалаева Н.С. «Онкүндіктің  жабылуы» яғни  онлайн  өткізіліп ,кейінде осындай жарыстарға қатысып  жүлделі орындарға ие болуларына тілектер айтылды.







































4-отырыста «Интербелсенді әдіс-тәсілдердің тиімділігі мен оның оқушылардың даму деңгейіне ықпалы» атты семинарды информатика пәнінің мұғалімі Қ.Ғ.Шағатаева өткізді. Биология пәнінің мұғалімі А.Джебетаева «Жазба жұмыстарының орындалуы және жұмыс дәптерлерінің талапқа сай жүргізілуі» бойынша тоқталып өтті. Дәптерлердің жүргізілуін тексеру барысында математика пәнінен 3 дәптер , химия пәнінен 3 дәптер, биология пәнінен 3 дәптер, география пәнінен де 3 дәптер , физика пәнінен 3 дәптер (жұмыс, практикалақ, бақылау)   тексеріліп, талапқа сай жүргізілуін ескертті.

Физика-математика пәнінің мұғалімі Б.С.Нургалиева «Математика сабағында оқушылырды ҰБТ-ге сапалы дайындау »туралы кеңінен тоқталды.ҰБТ –білім сапасының басты көрсеткіші. ҰБТ-ның мақсаты- мектепті бітіруші түлектердің негізгі 5 пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергендігін анықтау.Дайындық сабақтардың жеке сабақтарын оқушылардың жұмыстарын талдауға тоқталатындығын айтып өтті. Сонымен қатар, мұғалім барлық дайындық сабақтарына керекті қосымша әдебиеттер мен әр түрлі тест тапсырмалар жинақтарының түрлерін үнемі толықтырып отыру керектігін айтып өтті.

                3 тоқсан қорытындысы бойынша әрбір пән мұғалімі пәндері бойынша білім сапасына тоқталып, атқарылған оқу-тәрбие жұмысына есеп берді. Сәуір айында барлық пәндер бойынша жылдық қорытынды бақылау жұмыстары алынып, қорытынды бағаларымен салыстырылды.    

5-отырыста жылдық қорытынды бақылау жұмыстарының нәтижесі қаралды.Онда әр пән мұғалімі өздерінің пәндері бойынша қорытынды бақылау жұмыстарының жүргізілу барысына толықтай тоқталып, балалардың қандай нәтиже көрсеткеніне сараптама жасады.

 Бірлестік жетекшісі Н.С.Еркебалаева жыл бойына атқарылған жұмыстарға сараптама жасап, жетістіктерге тоқталып, кемшіліктерді болдырмау жолдарын бірлесіп іздеу керектігін ортаға салды.


 
 
 



Похожие публикации:

25 февраль 2020 әдістемелік жұмыс
25 февраль 2020 әдістемелік жұмыс
25 февраль 2020 әдістемелік жұмыс
03 май 2017 1-mektep-tarihy
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив