Әдістемелік жұмыс /іс-шара/ » №12 орта мектебі
Жетісу облысы бідім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"№12 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Әдістемелік жұмыс /іс-шара/
13
февраль
2023

Әдістемелік жұмыс /іс-шара/

Жаратылыстану –математика  әдістеме бірлестігінің

30 қаңтар – 10 ақпанаралығында өткізілген «Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар» атты   онкүндігінің   қорытындысы

2022-2023 оқу жылы

Оқытуда ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану барысында   және педагогикалық технологиялардың элементтерін сабақта пайдалану, мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасу мақсатында жаратылыстану-математика әдістеме бірлестігі   30 қаңтар – 10 ақпанаралығында  «Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар» тақырыбында ашық сабақтар  және пәндік жарыстар  өткізді. 30.01.2023ж  мектепішілік жиында онкүндіктің ашылуы болды,онда онкүндіктің жоспарымен таныстырылды және 5-сынып оқушыларының жоғарғы буын он күндігінде алғаш тысауларын қиды. 




31.01.2023  күні  биология  пәні бойынша «Сүйектің байланыс түрлері: қозғалмайтын,жартылай қозғалмалы» атты 8 сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізілді, жауапты Еркебалаева Н.С.   Бұл сабақта оқушылар топтық жұмыстар барысында  «Тарсия» әдісі бойынша тапсырмалар орындады, сабақтың әр кезеңінде оқушылар белсенді қатысып,өз білімдерін қолдана білді.


01.02.2023 күні 8 сыныппен «Квадраттық функция және оның графигі» атты ашық сабақ өткізілді, сабақта оқушылар топтық жұмыста белсенділік көрсетті, екі топ болып «функция және оның графигін»меңгерді, жауапты Нургалиева Б.С                                                                              



01.02.2023   күні 4-сыныппен  «Презентацияларға арналған  ақпарат» ашық  сабақ өткізілді жауапты Шагатаева К.Г. 

 4- сынып оқушылары екі топ болып топтық тапсырмаларға  жақсы  қатысты.


02.02.2023     күні 9-сыныппен «Табиғи аумақтық кешеннің қалыптасуы» атты ашық сабақ өтті, жаңа тақырыпты жықсы түсінді,оқушылар екі топ болып белсенді қатысты,олар үлестірмелі тапсырмалар бойынша  жауап жазды. Жауапты пән мұғалімі Қожағалиева Г.К

07.02.2022 ж   күні 9 сыныппен алгебра  пәні бойынша «Үш бұрыштарды шешу» тақырыбында ашық сабақ өтті, жауапты  мұғалім Оразалин А.М. 

08.02.2023 күні информатика  пәні бойынша «Менің алғашқы програмам» атты ашық сабақ болды,бұнда сынып оқушылары топтық жұмыстар жасады..Оқушылар белсенді қатысты. Жауапты Сарсембаева М.А.  

09.02.2023 күні физика   пәні бойынша «№3 зертханалық жұмыс.Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау» атты ашық сабақ өткізілді. Сабақта СТО технологияның   элементтерін қолданып,түрлі тапсырмаларды  9 сынып оқушылары орындады,жауапты  Нургалиева Б.С.

10.02.2023ж   күні   «Энергия түрлері.Температура және жылу энергиясы» тақырыбында  5-сынып   оқушыларымен ашық сабақ өтті.

03.02.2023ж  сабақтан тыс іс-шара «Биология әлемі» тақырыбында өтті.    

7-8  сыныптар  арасында   жарыс түрінде өткізілді.

 Ойын барысын 2топқа бөлу арқылы жүзеге асырылды.Ойын 6 кезеңнен тұрды.  Әр тапсырма оқушылардың жасерекшеліктеріне,мүмкіндіктеріне  қарай ұйымдастырылған.Оқушылар белсенді қатысып,мақал-мәтелдер,жаңылтпаш,жұмбақтар айту арқылы өз білімдерін дәлелдей алды. 


06.02.2023ж «Математика ғажайыптары» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өтті.5- 9 сынып   оқушыларымен танымдық іс шара өткізілді,жауапты Оразалин А.М

07.02.2023ж  «Қызықты география»,  «Информатика әлемі», «Металдар еліне саяхат» тақырыптарында   сыныптан тыс іс-шаралар өтті.

10.02.2023ж Осы күні бірлестік жетекшісі Еркебалаева Н.С. «Онкүндіктің  жабылуы» яғни   5-11 сыныптармен жиын өткізіліп жеңген топтар мен жеке оқушылар марапатталып,кейінде осындай жарыстарға қатысып   жүлделі орындарға ие болуларына тілектер айтылды.   



Жаратылыстану-математика әдістеме бірлестігі жетекшісі:            Н.С.Еркебалаева.






                                                                                                                                  Ұсыныс:

1.Ақпараттық технологияны жүзеге асыру,«Электронды оқулықтарды» пайдалану арқылы логикалық, шығармашылық ойлау жүйесін,тілдерін дамыту.

2.Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, тіл байлықтарын жетілдіру.

3.Әрбір сабақты оқушының қызығушылығына қарай жоспарлау.                                                                              









Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив