Әдістемелік жұмыс /іс-шара/
Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бірлестігінің
Қантар айының 29 күні мен ақпан айының 09 күні аралығындағы өткізілген «Тіл мен тарих – ел байлығы » атты онкүндігінің қорытындысы
2023-2024 оқу жылында қантар айының 29 күні мен ақпан айының 09 күні аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бірлестігінің «Тіл мен тарих – ел байлығы » атты он күндігі өткізілді.
Апталықтың мақсаты: Оқушылардың апталық барысында алған білімдерін толықтыру, кеңейту өмірде қолдана білуге .Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту. Жаңаша оқытуда жаңарған рухани аясында жүргізілетін оқытудағы жаңа тәсілдерді өз тәжірибесінде қолдану арқылы оқу үрдісінің даму деңгейін ұйымдастыру және тәжірибе алмасу.
Апталықтың салтанатты ашылуы қантар айының 29 күні пән мұғалімдер мен оқушылардың ұйымдастыруымен өтті. Салтанатты жиында оқушылар мен мұғалімдер апталықтын жоспарымен және мақсатымен танысып өтті. Ашылу барысында оқушылардың дайындаған әңімен басталып, әдеби монтаж және көрініспен аяқталды.

Апталық барысында пән мұғалімдері бекітілген жоспар бойынша ашық сабақтар мен тәрбие сағаттарын берді.
31 қантарда тарих пәнінің мұғалімі Нусипбекова Г.Е.6 - сынып оқушылармен «Неліктен І Карл мен ІІ Осман шексіз монарх бола алмады?» атты тақырыбында үлгілі сабағын өткізді. Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытты. Тапсырмалар тақырыпқа сай құрастырылған , сабақ барысында оқушылар біраз мағлуматтар алды. Қалыптастырушы бағалау 10 балдық жүйемен жүргізілді.
07 ақпанда «Білім көкпары»атты сыныптан тыс интелектуалды ойын өткізілді. Оқушылар сайыс барысында топ болып жұмыс жасады және өздерінің білімін шындай түсті.

02 ақпан орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Торопова И.В.8- сынып оқушыларымен «Волшебная власть воды» атты үлгілі сабағын өтті. Мұғалім сабақ барысында тапсырмаларды оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, дайындаған. Оқушылар сабақ барысында тапсырмаларды уақытқа сай орындады. Сабақ барысында кері байланыс, мадақтау арқылы бағалау жүргізілді.
05.02 ақпан күні 8- сынып оқушылармен «Литературная викторина» атты сыныптан тыс жұмыс өткізілді
02 ақпан ағылшын пәнінің мұғалімі Машанова С.Е 7- сынып оқушыларымен « Reading and talking about film genres» атты үлгілі сабағын өткізді . Сабақ барысында пән мұғалімі интерактивті тақтамен түрлі әдіс тәсілдер пайдалану арқылы оқушылардың назарын өзіне аударта отырып, қызығушылығын арттырды.
07 ақпанда 8-10 сыныптар арасында «Who is the best» атты сыныптан тыс жұмыс ұйымдастырылды. Оқушылар бірлесе отырып , қызығушылықпен қатысты

07 ақпанда қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Кулдубаева Ш. 6-сынып оқушылармен «Күш атасы- Қажымұқан Мұнайтпасов» атты сабағын өтті. Сабақта оқушылар Қажымұқан Мұнайтпасовтың өмірі мен шығармасымен терең танысып, өздеріне көптеген мағлуматтар алды. Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай ескеріле отырып дайындалған.
08 ақпанда 6-8 сыныптармен «Ойлы болсаң, озып көр» атты сыныптан тыс сабағын өтті . Оқышыларға қосымша материалдар ұсынылды , тақырыпқы сай слайд тамашалады, ұсынылған тапсырмалар оқу мақсатына сай дайындалған. Жарыс барысында оқушылар еркін сөйлеп, өз ойларын толық жеткізе алды. Сайыс өте қызықты өтті.

07 ақпанда қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шарипова Г. 5-сынып оқушылармен «Бала қиялы» атты үлгілі сабағын өтті. Сабақта оқушылар белсенділік танытты , тапсырмаларды орындауда бірлесе отырып орындады. Сабақ барысында оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді, сабақ барысында оқушылар өз білімдерін бағалау парағы арқылы бағалады
09 ақпанда қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бірлестігінің қантар айының 29 күні мен ақпан айының 09 күні аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бірлестігінің «Тіл мен тарих – ел байлығы » атты онкүндігінің салтанатты жабылуы болып өтті.
Жиын барысында оқушылар тағыда өз өнерлерін ортаға салып, көрермен назарына ұсынды. Сонымен қатар апталық барысында белсенділік көрсеткен оқушылар сыйлықтармен марапатталды.
ӘБЖ Нусипбекова Г.Е.