І- шара / Әдістемелік жұмыстар/ » №12 орта мектебі
Жетісу облысы бідім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"№12 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » І- шара / Әдістемелік жұмыстар/
28
ноябрь
2022

І- шара / Әдістемелік жұмыстар/

Қоғамдық-гуманитарлық  бағытындағы пәндер бірлестігінің 

қараша айының 14-25  аралығындағы өткізілген «Тіл- ел тірегі» атты онкүндігінің қорытындысы

 

2022-2023 оқу жылында 14-25  аралығында қоғамдық-гуманитарлық  бағытындағы пәндер бірлестігінің  «Тіл- ел тірегі» атты он  күндігі өткізілді.

Апталықтың мақсаты: Оқушылардың апталық барысында алған білімдерін толықтыру, кеңейту өмірде қолдана білуге .Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту. Жаңаша оқытуда жаңарған рухани аясында жүргізілетін оқытудағы жаңа тәсілдерді өз тәжірибесінде қолдану арқылы оқу үрдісінің даму деңгейін ұйымдастыру.

 Апталықтың салтанатты ашылуы   қараша айының 14 күні пән мұғалімдер мен оқушылардың ұйымдастыруымен өтті. Салтанатты жиында оқушылар мен мұғалімдер апталықтын жоспарымен және мақсатымен танысып өтті. Ашылу барысында оқушылардың  дайындаған әңімен  басталып, әдеби монтаж , және ойын ойнатумен  аяқталды.


     Апталық барысында пән мұғалімдері бекітілген жоспар  бойынша  ашық   сабақтар  мен  тәрбие   сағаттарын  берді.

14 қарашада қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шарипова Г.А 8 -сынып оқушыларымен «Болашақ мамандықтар» атты тақырыбында үлгілі сабағын өткізді. Оқушыларға интерактивті тақта арқылы тапсырмалар ұсынылды. Оқушылар белсенділік танытып, сабақ қызықты 

14 қарашада ағылшын пәнінің мұғалімі Машанова С.Е 9- сынып оқушыларымен «First conditional» атты үлгілі  сабағын өткізді . Сабақ барысында пән мұғалімі интерактивті тақтамен түрлі әдіс тәсілдер пайдалану арқылы оқушылардың  назарын өзіне аударта отырып, қызығушылығын арттырды


15 қарашада ағылшын пәнінің мұғалімі Солтан Б.С.   2- сынып оқушыларымен «Counting and Measuring » атты үлгілі  сабағын өткізді . Сабақ барысында пән мұғалімі оқушылардың жасын ескере отырып,   ойын арқылы тапсырмалар берді, өзара бағалау жүргізді және шет тіліндегі сөздерді есте сақтауларына баса назар аударды.


16 қарашада   қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Аманбаева Г.К. 5-сынып оқушылармен «Төрт түлік» атты сабағын өттіСабақта оқушылар белсенділік танытты. Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай ескеріле отырып дайындалған.

18 қарашада  орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Бекова М.Б. 11- сынып оқушыларымен «Энциклопедия русской жизни» А.С.Пушкин роман  «Евгений Онегин» атты үлгілі сабағын өтті . Сабақта оқышыларға қосымша материалдар ұсынылды , тақырыпқы сай слайд тамашалады, ұсынылған тапсырмалар оқу мақсатына сай дайындалған. Сабақта оқушылар еркін сөйлеп, өз ойларын толық жеткізе алды.Сабақ өте қызықты 


22 қарашада орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Торопова И.В.8- сынып оқушыларымен «Труд и творчество» атты үлгілі сабағын өтті. Мұғалім сабақ барысында тапсырмаларды оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, дайындаған. Оқушылар сабақ барысында  тапсырмаларды уақытқа сай орындады. Сабақ барысында кері байланыс, мадақтау арқылы бағалау жүргізілді.

22 қарашада тарих пәнінің мұғалімі Нусипбекова Г.Е. 7-сынып оқушыларым
ен «XVIII ғасырдағы Қазақстандағы казак-әскери отаршылдығы» атты үлгілі сабағын өткізді. Сабақта оқушылар белсенділік танытты , тапсырмаларды орындауда бірлесе отырып орындады. Сабақ барысында оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді, сабақ барысында  оқушылар өз  білімдерін бағалау парағы арқылы бағалады

Сонымен қатар  оқушылардың жан –жақты дамуына , өз ойын еркін жеткізуіне , жас өреннің болашақта көздеген мақсаттарына қол жеткізуіне ,ата-бабаларымыздың   сонау ежелден келе жатқан өмірлік тәжірибесін, салт- дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, жақсы қасиеттерін бойына сіңіру , болашаққа бағыт-бағдар беру  мақсатында  пән мұғалімдері сыныптан тыс интелектуалды ойындар, танымдық сағаттар, сайыс сабақтарды жоспарға сай өткізді.

25 қарашада қоғамдық-гуманитарлық  бағытындағы пәндер бірлестігінің 

қараша айының 14-25 күндер аралығында өткізілген «Тіл- ел тірегі» атты онкүндігінің салтанатты жабылуы болып өтті. Жиін барысында оқушылар тағыда өз өнерлерін ортаға салып , көрермен назарына ұсынды. Сонымен қатар апталық барысында белсенділік көрсеткен оқушылар сыйлықтармен марапатталды.  




                                                                                                              ӘБЖ Нусипбекова Г.Е.

Похожие публикации:

25 февраль 2020 әдістемелік жұмыс
25 февраль 2020 әдістемелік жұмыс
25 февраль 2020 әдістемелік жұмыс
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив