Іс-шара /Әдістемелік жұмыстар/
Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бірлестігінің
қантар айының 31 мен ақпан айының 11 күндер аралығында өткізілген «Тіл білімнің тарихы» атты онкүндігінің қорытындысы
2021-2022 оқу жылында 31қантар мен ақпан айының 11күндері аралығындағы қоғамдық-гуманитарлықпәндер бірлестігінің жоспар бойынша «Тіл білімнің тарихы» атты он күндігі өткізілді.
Апталықтың мақсаты: Оқушылардың апталық барысында алған білімдерін толықтыру, кеңейту өмірде қолдана білуге .Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту. Жаңаша оқытуда жаңарған рухани аясында жүргізілетін оқытудағы жаңа тәсілдерді өз тәжірибесінде қолдану арқылы оқу үрдісінің даму деңгейін ұйымдастыру.
Апталықтың салтанатты ашылуы онлайн форматында қантар айының 31 күні пән мұғалімдер мен оқушылардың ұйымдастыруымен өтті. Ашылу барысында 9-сынып оқушыларының дайындаған әдеби монтажбен аяқталды.
Апталық барысында пән мұғалімдері бекітілген жоспар бойынша ашық сабақтар мен тәрбие сағаттарын берді.
31 қантарда Неліктен І Карл мен ІІ Осман шексіз монарх бола алмады?
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шарипова Г.А 5 -сынып оқушыларымен «Бала қиялы» атты тақырыбында үлгілі сабағын өткізді. Оқушыларға интерактивті тақта арқылы тапсырмалар ұсынылды. Оқушылар белсенділік танытып, сабақ қызықты өтті
3 ақпанда орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Торопова И.В. «Дефисное и слитное написание сложных прилагательных» атты үлгілі сабағын өтті. Мұғалім сабақ барысында тапсырмаларды оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, дайындаған. Оқушылар С. Торайғыровтың өлендерімен танысып мәнерлеп оқып, тапсырмаларды уақытқа сай орындады. Мадақтау арқылы бағалау жүргізілді және жас мамандармен тәжірибесімен бөлісті.
4 ақпанда тарих пәнінің мұғалімі Нусипбекова Г.Е. 8-сыныппен «Қазақстандағы ұжымдастыру» атты үлгілі сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау. Сабақ барысында оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді.

7 ақпанда өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Кулдыбаева Ш.К. 7-сынып оқушыларымен «Отбасылық құндылықтар» атты үлгілі сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар отбасылық құндылықтарға не жататыны жайлы өз ойларын және өзге балалардың ойларын тындап өтті.
7 ақпанда ағылшын пәнінің мұғалімі Машанова С.Е. «Who is the best»? атты сыныптан тыс сағат өткізілді. Мақсаты оқушылардың ағылшын пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқушыларға түрлі қызықты тапсырмалар мен ойындар өткізілді.
8 ақпанда ағылшын пәнінің мұғалімі Солтан Б.С. 1-сынып оқушыларымен «Happy Birthday» атты үлгілі сабағын өткізді. Сабақта мұғалім тапсырмаларды оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып дайындады. Оқушылар сергіту сәті барысында белсенділік танытты.
9 ақпанда орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Бекова М.Б. 8- сынып оқушыларымен жемчужины Казахстана «Неполные предложения» атты үлгілі сабағы өтті . Сабақта ұсынылған тапсырмалар оқу мақсатына сай дайындалған. Сабақта оқушылар белсенділік танытты.
9 ақпанда қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Аманбаева Г.К. 6-сынып оқушылармен «Олимпиада ойындары» атты сабағы өтті. Сабақта оқушыларбиылғы олимпиада ойындары жайлы видео ролик тамашалады және әңгіме жүргізілді. Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып дайындалған.
9 ақпанда тарих пәнінің мұғалімі Нусипбекова Г.Е. 7- сынып оқушыыларымен «Тарихи тұлғалар» атты сыныптан тыс танымдық сағат өткізді.Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.
10 ақпанда ағылшын пәнінің мұғалімі Машанова С.Е. «Reading talking about films genres.» атты үлгілі сабағын өткізді. Мұғалімнің сабақ жоспары мақсатқа сай жасалған . Оқушылар назарын өзіне аудара білді
10 ақпанда қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Аманаева Г.К. оқушылармен Ә. Райымбековтың туғанына 85жыл толуына орай «Тақиялы періште» атты сағат өткізілді. Оқушылар әдеби монтаж дайындап мектеп ұжымына ұсынды.

10 ақпанда орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Торопова И.В. «Литературный КВН» атты сыныптан тыс жұмыс өткізілді. Іс –шара барысында оқушылар өздеріне көптеген мағлуматтар алды. Мұғалім әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана білді және өзінің тәжірибесімен бөлісті.
11 ақпанда қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бірлестігінің
қантар айының 11-22 күндер аралығында өткізілген «Тіл білімнің тарихы» атты онкүндігінің қорытындысы ватсап желісі арқылы болып өтті. Бірлестік мұғалімдердің қатысуымен мектеп ұжымына апталықтын өту барысы видео ролик арқылы назарларына ұсынылды.


ӘБЖ: Нусипбекова Г.Е