Әдістемелік жұмыс
Жаратылыстану –математика әдістеме бірлестігінің
15- қаңтар -26 қаңтараралығында өткізілген «STEAM» атты онкүндігінің қорытындысы
2023-2024 оқу жылы
Оқытуда ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану барысында және педагогикалық технологиялардың элементтерін сабақта пайдалану, мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасу мақсатында жаратылыстану-математика әдістеме бірлестігі 15- қаңтар -26 қаңтараралығында «STEAM» тақырыбында ашық сабақтар және пәндік жарыстар өткізді.
15.01.2024 мектепішілік жиында онкүндіктің ашылуы болды,онда онкүндіктің жоспарымен таныстырылды.


16.01.2024 күні география пәні бойынша «Топырақтың экологиялық проблемалары» атты 7 сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізілді, жауапты Қожағалиева Г.К.Бұл сабақта оқушылар топтық жұмыстар барысында картамен жұмыс жасады, сабақтың әр кезеңінде оқушылар белсенді қатысып,өз білімдерін қолдана білді.


16.01.2024 күні 10 сыныппен «Жазық фигураның жазықтыққа ортогональ проекциясы және оның ауданы» атты ашық сабақ өткізілді, сабақта оқушылар топтық жұмыста белсенділік көрсетті, оқушылар екі топ болып есептер шығарды,олар үлестірмелі тапсырмалар бойынша фигуралар құрастырды.


16.01.2024 күні 5 -сыныппен «Жансыз табиғатта жүретін үдерістердің себептері мен салдары»атты кіріктірілген ашық сабақ өткізілді жауапты мұғалімдер Нургалиева Б.С. Еркебалаева Н.С.
5 - сынып оқушылары үш топ болып топтық тапсырмаларға жақсы қатысты.Екі пән тұрғысынан берілген тапсырмаларға дұрыс және белсенді жауап берді.


17.01.2024 күні 8-сыныппен химия пәнінен «Периодтық жүйедегі орны бойынша элементтің сипаттамасы» атты ашық сабақ өтті, жаңа тақырыпты жықсы түсінді,оқушылар екі топ болып есептер шығарды,олар үлестірмелі тапсырмалар бойынша формулаларды бөліп,жазылуын тақтада жазды. Жауапты пән мұғалімі Еркебалаева Н.С.



25.01.2024 ж осы күні 8- сыныппен физика пәні бойынша «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы»тақырыбында ашық сабақ өтті, жауапты Нургалиева Б.С . Оқушылар екі топ болып жарыс түрінде сабақ жақсы өтті. Ток көздерін Вольтметр мен Амперметрге қосып жұмыс жасады.
Әр заңды ғалымдардың суретімен сәйкестендірді.



22.01.2024ж күні информатика пәні бойынша «Тіл альфавиті.Синтаксис» атты ашық сабақ болды,бұнда сынып оқушылары топтық жұмыстар жасады. Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін дәлелдей алды. Жауапты Шағатаева Қ.Ғ.
18.01.2024ж осы күні 7-10 сынып оқушыларымен «Миллион кімге бұйырады?» тақырыбында интеллектуалдық ойыны жарыс түрінде өткізілді.
Ойын барысын 4топқа бөлу арқылы жүзеге асырылды.Ойын 3 кезеңнен тұрды.Әр тапсырма оқушылардың жасерекшеліктеріне,мүмкіндіктеріне қарай ұйымдастырылған. Оқушылар белсенді қатысу арқылы өз білімдерін дәлелдей алды.



24.01.2024жкүні «МИ BATTLE» 6-10 сынып оқушыларымен зияткерлік ойын іс шара өткізілді,жауапты Оразалин А.М.
26.01.2023ж Осы күні бірлестік жетекшісі Еркебалаева Н.С. «Онкүндіктің жабылуы» яғни 5-11 сыныптармен жиын өткізіліп жеңген топтар мен жеке оқушылар марапатталып,кейінде осындай жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болуларына тілектер айтылды.



Жаратылыстану-математика әдістеме бірлестігі жетекшісі: Н.С.Еркебалаева.