Әдістемелік жұмыс
Жаратылыстану –математика әдістеме бірлестігінің
21- ақпан-04 наурызаралығында өткізілген «Жаратылыс –сыры ғылымда» атты онкүндігінің қорытындысы
2021-2022 оқу жылы
Оқытуда ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану барысында және педагогикалық технологиялардың элементтерін сабақта пайдалану, мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасу мақсатында жаратылыстану-математика әдістеме бірлестігі 21 ақпан-04 наурыз аралығында «Жаратылыс –сыры ғылымда» тақырыбында ашық сабақтар және пәндік жарыстар өткізді. 21.02.2022 мектепішілік жиында онкүндіктің ашылуы болды,онда онкүндіктің жоспарымен таныстырылды.


24.02.2022 күні химия пәні бойынша «Периодтық кестенің құрылымы» атты 7 сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізілді, жауапты Еркебалаева Н.С.Бұл сабақта оқушылар топтық жұмыстар барысында есептер шығарды, сабақтың әр кезеңінде оқушылар белсенді қатысып,өз білімдерін қолдана білді.
24.02.2022 күні 6 сыныппен «Энергия түрлері және көздері» атты ашық сабақ өткізілді, сабақта оқушылар топтық жұмыста белсенділік көрсетті, екі топ болып «Энергия түрлері және көздерін»меңгерді, жауапты Рысбекова М.С.


24.02.2022 күні 8-сыныппен «Металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділігі,асқын өткізгіштік» ашық сабақ өткізілді жауапты Нургалиева Б.С.
8- сынып оқушылары екі топ болып топтық тапсырмаларға жақсы қатысты.

28.02.2022 күні 8-сыныппен Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру «» атты ашық сабақ өтті, жаңа тақырыпты жықсы түсінді,оқушылар екі топ болып есептер шығарды,олар үлестірмелі тапсырмалар бойынша формулаларды бөліп,жазылуын тақтада жазды. Жауапты пән мұғалімі Нургалиева Б.С.
28.02.2022 ж осы күні 9 сыныппен биология пәні бойынша «Адам генетикасы.Тұқымқуалаушылықты зерттеу әдістері»тақырыбында ашық сабақ өтті, жауапты биология пәні мұғалімі Джебетаева А.И. . Оқушылар екі топ болып жарыс түрінде сабақ жақсы өтті.
01.03.2022 күні информатика пәні бойынша «Презентациядағы анимация» атты ашық сабақ болды,бұнда сынып оқушылары топтық жұмыстар жасады..Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін дәлелдей алды. Жауапты Шағатаева Қ.Ғ.
01.03.2022 күні география пәні бойынша «Қазақстандағы ойкөнимдер» атты ашық сабақ өткізілді. Сабақта СТО технологияның элементтерін қолданып,түрлі тапсырмаларды 9 сынып оқушылары орындады,жауапты Қожағалиева Г.
01.03.2022ж Осы күні Алгебра пәнінен 9 сыныппен «Тригонометриялық формулалар» тақырыбында ашық сабақ өтті.


01.03.2022ж күні сабақтан тыс іс-шара «Жас экологтар интеллектуалды сайысы» тақырыбында өтті. 5-6 сыныптар арасында жарыс түрінде өткізілді.
Ойын барысын 2топқа бөлу арқылы жүзеге асырылды.Ойын 6 кезеңнен тұрды.Әр тапсырма оқушылардың жасерекшеліктеріне ,мүмкіндіктеріне қарай ұйымдастырылған.Оқушылар белсенді қатысып,мақал-мәтелдер,жаңылтпаш,жұмбақтар айту арқылы өз білімдерін дәлелдей алды.
«Жас биолог-2021» интелектуалды сайысы өтті.


03.03.2022ж «Ондық бөлшектерді 10,100,1000, және 0,1-0,01-0,001 сандарына көбейту және бөлу» тақырыбында ашық сабақ өтті.
04.03.2022 жкүні «Ғажайып математика» 5- 6сынып оқушыларымен танымдық іс шара өткізілді,жауапты Оразалин А.М.
04.03.2021ж Осы күні бірлестік жетекшісі Еркебалаева Н.С. «Онкүндіктің жабылуы» яғни 5-11 сыныптармен жиын өткізіліп жеңген топтар мен жеке оқушылар марапатталып,кейінде осындай жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болуларына тілектер айтылды.Жаратылыстану-математика әдістеме бірлестігі жетекшісі: Н.С.Еркебалаева.